«Даму» Қорының қолдауымен отбасылық кәсіпті дамытты
«Жаңаталап кондитерлік өнімдері» кондитерлік наубайханасы — 2016 жылы құрылған отбасылық кондитерлік мекеме. Шымкент қаласындағы кондитерлік өнімдердің авторы әрі идеялық шабыттандырушысы Эльмира Исламкулова болып табылады.
Торттар көптен бері салтанатты және мерекелік іс шаралардын символына айналды, күн сайын бүкіл әлем бойынша кондитерлік үйлер адамдар өздерінің туған күндерін, мерекелерін және басқа да естелік күндерін безендіре алу үшін мыңдаған торттар дайындайды.
Эльмира — құмарланған кондитер, кондитерлік іс хоббиден ең сүйікті мамандығына айналды.
Өзінің сүйікті кондитерлері мен бірге Эльмира барлық іс-шаралар мен мерекелеріңіз үшін тапсырысқа эксклюзивті торттар мен тәттілер жасаумен әуестенеді.
«Азық-түлік өнеркәсібінде бизнесті бастау оңай болмады. Бастапқы капитал, жұмыс күші, өткізу нарығы, сәйкестік сертификаты, рұқсат талап етілді. Біз қиындықтарды жеңдік, тәжірибе жинақтадық. Қазір бізде күнделікті жеңіл тұтыну, сондай-ақ кез келген күрделі авторлық дизайны бар кондитерлік өнімдерді шығаратын өз кондирлік наубайханамыз бар» — дейді Эльмира.
«Жаңаталап кондитерлік өнімдері» өз клиенттеріне әрдайым қуанышты, кез-келген мерекенізді өзінің тәттілерімен және десерттерімен әсемдеуге дайын!
Сонымен Эльмира өз бизнесін ашу барысында көмектескен құпиясымен бөлісуде: — «Біріншіден және ең басты құпиясы, сүйікті ісіңмен айналысу. Тек өзіңе ұнайтын іспенен шұғылдана отырып, нағыз табысқа жетуге болады.