Данияр Ақышев теңгенің неге құбылғанын түсіндірді
2018 жылдың басынан валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Бірінші тоқсанда теңге бір АҚШ доллары үшін 318,31 теңгеге дейін 4,2 пайызға нығайды. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасын қарау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Өткен аптада Ресейдің қор нарығының құлдырауы және рублінің әлсіреуі себебінен теңге бағамы құбылды. 9 — 11 сәуір аралығындағы 3 күн ішінде теңге 3,5 пайызға әлсіреді және бір АҚШ доллары үшін 330,88 теңге болды. Ұлттық банктің қалыптасып отырған ахуалға әсері бейтарап болғанын атап өтемін», — деп түсініктеме берді Ақышев.