ДЕФЕКТОЛОГ МАМАНЫ: БАЛАЛАРДЫҢ ОЙ-ӨРІСІНІҢ ДАМЫҒАНЫН КӨРУ МЕН ҮШІН ҮЛКЕН БАҚЫТ

Шымкентте мектепке дейінгі жастағы балалардың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде Эльвира Умбеталиева еңбегі орасан.

Ол коррекциялық балабақшада «доктор-дефектолог» атанып кеткен. Өзі көпбалалы ана болғандықтан балалармен жұмыс барысында қиындыққа кезіккен емес.

–Олармен жұмыс істеу өте қызық. Сонымен бірге, жауапкершілік пен шыдамдылықты талап етеді. Мен үшін әр бала өзіндік бір тұлға, әрі ерекше. Балалардың ой-өрісінің дамығанын көру мен үшін үлкен бақыт пен шаттық, -дейді білікті маман.

Эльвира Амангелдіқызы ерекше балалармен жұмыс барысында «Нейроойындар», «Марблс тастары» мен «биоэнергопластикаға» арналған қолғаптар әдісін кеңінен қолданады. Мұндай әсерлі жаттығулар бүлдіршіндерге жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Э.Умбеталиеваның осындай еселі еңбегінің арқасында елдің алғысына бөленіп, бірнеше рет мемлекеттік наградамен марапатталды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі