ДЕНДРОСАЯБАҚТА 20 ИНТРОДУЦЕНТ АҒАШ-БҰТАЛАРЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласында А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябағында өсімдік қорын молайту, күтіп-баптау жұмыстары жалғасын табуда. Таяуда сирек кездесетін ағаш-бұталар мен ағымдағы жылы алып келінген 20 интродуцент тұқым түрі (гортензия литл лайм, спирея японская, снежноягодник розовый, берёза бумажная, берёза белая, берёза повислая, унаби, барбарис обыкновенный, барбарис черный, тюльпан грейга, павлония, т.б., ағаш-бұталары) арнайы ыдыстарға отырғызылды. Қыс мезгілінде оларды кеңсенің зертхана бөлмесінде өсіру жұмыстары жүргізіледі.
«Жасыл белдеу» КММ-нің тұқымбақ баптаушылары дендросаябақ аумағынан свидина (дёрен) және скумпия декоративті бұта тәріздес ағаштардың көшеттерін және Тәуелсіздік саябағы аумағынан үйеңкі ағашының тұқымдарын жинады.
Бүгінде «Жасыл белдеу» КММ-нің тұқымбақ аумағында жұмысшыларға арналған тұрғын үй вагонын жөндеу, шатырын бекіту жұмыстары атқарылды. 976 га жер учаскесінде ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары қолға алынды.
Сондай-ақ, «Қошқар ата» учаскесінде тұрақты санитарлық тазалық жұмыстары, қураған ағаштарды кесу және темір қоршаулардың сынған орындары ретке келтірілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі