«ДЕПУТАТТАР ҮШІН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ ЕМЕС ЕКЕНІН ТҮСІНЕМІН»
Деген ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Үкімет пен депутаттар мен әкімдердің еңбекақылары туралы мәселе өткен жылдың соңында белсенді талқыланды. Менің ойымша, олардың жалақысы жеткілікті. Сондықтан, олардың жалақырсын көтеруге 5 жыл мараторий жариялауға болады деп санаймын. Мен бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін, бірақ сіздер де түсінесіздер деген ойдамын. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілер жалақысын мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз» деп атап өтті.
Айта кетсек, елдегі орын алған тәртіпсіздіктерден кейін Президент мәжіліс және өңірлік әкімдермен онлайн форматта жиылыс өткізіп, түбегейлі өзгерістердің уақыты келгенін, жаңа Қазақстанның табалдырығында тұрғанымызды ескертті. «Жүз бай шырқап, миллион кедей аһ ұрған», тап араларын алшақтатқан жағдайлардан сабақ алып, бюрократиядан бас тартуға шақырды. Санамалап тұрып нақты мақсаттар жүктеді. Елдің әлеуметтік жағдайын көтеретін ұсыныстар дайындау үшін жаңа Премьер-министр Әлихан Смайыловқа 3 апта уақыт берді.
Нұрила ШЫНӘДІЛ