ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ҚҰРЫЛТАЙЛАР

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары маңызды қоғамдық және мәдени оқиғаға айналды.
2002 жылдың қазанында Түркістанда Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайы өтті. Қатысушылар алдында сөз алған Елбасы қазақ тілі мен қазақ мәдениетін жаңғырту ісінде жеткен елеулі жетістіктеріміз туралы әңгімеледі.
Делегаттарға отандастарды қолдау бағдарламасы жалғаса беретінін жеткізді.
Дүниежүзі қазақтарының ІІІ құрылтайы 2005 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның елордасы – Астана қаласында өтті. Бұл шараға әлемнің 32 елінен қазақ диаспораларының өкілдері келіп қатысты. Құрылтай күндерінде көші-қонның, мәдени дамудың, білім алудың, қызметке орналасудың келелі мәселелері талқыланды.
Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы 2011 жылдың мамыр айында Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті. Оған әлемнің 35 елінен келген 700-ден астам өкіл қатысты. Құрылтай делегаттарының тең жартысы жастар
болғаны да ерекше атап өтуге тұрарлық. Германиядан, Ұлыбританиядан, Ресейден, Швециядан, Австриядан, Голландиядан, Норвегиядан, Моңғолиядан, Түркиядан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан жастар және студенттер
ұйымдарының серкелері шақырылды.

Құрылтайға қатысушылардың елімізге бақыт пен өркендеу тілейтініне сенімім зор болды. Ал оның маңызды шарты халықтың бірлігі мен келісімі екені сөзсіз. Осындай келісім – Қазақстанның шынайы сипаты. Республиканың өмірдің барлық саласындағы жетістігі – осының дәлелі. Бірлік пен келісім болмаса, біз күні кеше ғана «қырындай құлаған» өндіріс алыптарын қайта өркендете алмас едік. Бірлік пен келісімсіз қазір нақты сипат
алған экономикалық жетістіктерімізге қол жеткізбеген болар едік. Бірлік пен келісімсіз сырттан инвестиция тарту да мүмкін болмас еді.