«Е-ӨТІНІШ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ПИЛОТТЫҚ РЕЖИМДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 15-ақпанынан бастап Шымкент қаласында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі пилоттық режимде жүзеге асырыла бастады.

Цифрландыру басқармасымен бүгінгі таңда аталған ақпараттық жүйеге жоспарға сәйкес 784 қызметкер (қала әкімінің аппараты-1, қалалық мәслихат – 1, тексеру комиссиясы – 1, аудан әкімдігі-4, басқармалар-22, халыққа қызмет көрпсету орталықтары — 7) енгізілді.

Аталған 784 қызметкердің барлығына логин-парольдер беріліп, жүйеде жұмыс жасау қызметкерлерге 100% үйретілді.