ЕГЕМЕН ЕЛІМ — АРДАҒЫМ

Туған жер – адам өміріндегі киелі орын алатын ыстық Отан. Нақты осы жер елімен, жерімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әр адам үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе туған кент. Менің туған жерім кішкентай болса да мен үшін аса қымбат. Туған жерімде көңілді де, шаттықты да, уайымсыз балалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған кезім әлі есімде. Өзің туған жеріңе бармасаңда қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «қызым үйге кір…» деген анамның асыл үні құлағыма естіледі. Жүректің әлсіз дүрсілі еске түскен сайын лүп-лүп етеді. Қазір бойжеттім, бірақ өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше ешқашан жадымнан өшпек емес.

Біздің Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Бейбітшілік, достық, татулық бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар, орыстар, татарлар мен немістер, украиндер, кәрістер, т.б. өзге ұлт өкілдері еңбек етуде. Бірлік ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы.

Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің, отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылар тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кезеңдері де, ауыр тұрмыста, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар. Қазақтан жерінде тұратын брлық ұлт қазақ тарихын, қазақ тілін, салт-дәстүрін білуі тиіс. Ал татулық болашақта гүлденудің маңызды бөлігі болып табылады.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері, қойнауы алтын астыққа тола кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі ел. Табиғатта алуан жан-жануарларға толы, мөлдір суы, тулаған толқыны бар табиғаты тамаша жер. Биік-биік ғимарттары бар қаласының өзі, ауыл тіршілігінің өзі Қазақстан өзін жақсы көргізбей қоймайды. Әйгілі әнұраным, туғырлы Туым, ерекше Елтаңбасы бар егеменді еліме қызыға қарайтын ел жетерлік.

Мен өз елімді мақтан тұтамын.

Аружан ЖАМАУ