ЕГЕМЕН ЕЛІМ ЕҢСЕЛІ

 Қазақ халқы -ежелден еркіндік аңсаған халық. Тәуелсіздік – қазақ жұртына оңай келген жоқ. Сан ғасырлардан бері дербес ел болуды көксеген халқымыз еркіндік пен азаттық жолында талай асудан асты. Түркі халқының ата-бабалары, яғни сақтар, ғұндар өз жері мен елінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін сыртқы жаумен күрескен Томирис, Зарина сынды сақ патшалары өздері мекендеген жерді көздің қарашығындай сақтап, ата-бабаларынан қалған ұлан-ғайыр жерді өзге жұрт өкілдері таптап кетпес үшін қасық қаны қалғанша күресті. Сондықтан да біздің арғы түп ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан кең байтақ жерді, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ұлан-ғайыр өлкемізді қорғау біздің басты міндетіміз болуы тиіс.

Айтып өткеніміздей бостандық, теңдік тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ! Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан! Осы бір жан түршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалды. Желтоқсан көтерілісі – елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес. Ежелден еркіндік аңсаған ер халықтың асыл мұраты – еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен болмай, ел болмас, етектен кесіп жең болмас», деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас-тартыспен тәуелсіздікке жетті. Тәуелсіздікпен бірге егемен Қазақстанның жаңа тарихының да жаңа беттері ашылды.

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызыл қанның арқасында «Тәуелсіздік» атты бақытты қолымызға қондыра білдік, осы киелі сөздің мағынасын ұғына білдік!
Әр сөздің артарына осы арада
Ағайын, ой жіберіп жіті қара
Тәуелсіздік Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасымның жеке дара,
— деп ақын ағаларымыз жырлағандай бүгінде Елбасы десек тәуелсіздік, тәуелсіздік десек Елбасы айға оралып, нұрлы, бейбіт, бақытты күндеріміз алтын сәулесін шашады.