ЕГЕМЕН ЕЛІМ ЕҢСЕЛІ
Елді құрудан гөрі, оны берік етіп ұстап қалу әлдеқайда күрделі іс. Мәңгілік ел болып қалыптасу үшін төгілген маңдай тердің өтемі — оны ары қарай өсіп-өркендету мен жаңғыртуда болмақ. 130-дан астам ұлт өкілдерін қос қанатының астына алған қазақ елінің алар асуы әлі биікте. Елбасы ұсынған идеялар мен тың жобалардың да қазіргі жылдарда тез қарқынмен болмаса да, өз бабымен жүзеге асып жатқандығы қуантады. Дәуірдің дүрбелеңдерінен аман өткен еліміздің болашағын жарқын етіп, дамыған 30 ел қатарына қосу да, оны міз қаққызбай осы қалпында қалдыру да әр отбасы, тұтас елдің қолында екенін әр азамат ұғынуға тиісті.
«Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз. Енді Алашты ешкімнің қорлығына бермейміз» (1917 ж.)-деген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы бір жалынды, жайсаң, сенімді сөйлемдері «Қазақ елі-мәңгілік ел» екендігін ертерек хабардар еткендей. Айтқандай-ақ, «Рухани жаңғыру » бағдарламасы осы мақсатты тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелдеуге себепкер болды. Бағдарлама айналасында тұлға тек білімі мен өзін сынап қана қоймай, сана-сезімінде патриоттық артықшылықтарға көп мүмкіндік береді. Қазақ пен Қазақстан үшін аты аталған жобалардың үлесі біршама. Патриоттық сезімді туындату бірнеше минут болғанымен, оны дәлелдеу іште жатқан рухпен тікелей байланысады. Қазақ атауы мен елдің біртұтас бірігуі өте ұзақ мерзімдерді қамтитын өте ұзақ процесстердің ең жүйелісін құрады. Осы мезетте, Мәңгілік елдің тұтастығын бірқалыпта ұстап тұру үшін әр тетікті дұрыс басуды еске алған жөн. Қазіргі Қазақстанның жағдайы тар заманмен салыстырғанда жүбәр тастай, бағалауға тым тұрарлық. Қазіргі мақсат — ел экономикасын алға тартып,саяси және әлеуметтік деңгейді барынша реттеу. Дамыған тәуелсіз мемлекеттер арасынан өте үздіктердің біріне ену. Ұлы даланың шытырманға толы тарихының жалғыз шығар жолы-Мәңгілік елге бастап әкелді.Көштің басы киеліге бет бұрды.Кезінде зар илеп қол жеткізе алмаған бақыт-қазір біздің қолымызда тұр.Тек оны демеп,мәуелі ағаштай шырмалата биікке өрлету керек.Қазақ елі-Мәңгілік ел және мәңгілік Тәуелсіз. 3 бәйтерек,5 арыстың қаны дараған жанымыз Қазақ елі үшін кеудемізден шығып кеткенше қызмет етпек. Арайлы таңдарымыз бен тыныш түндеріміз мәңгілікке жалғассын!
« Дүниеде тәуелсiз Қазақ елi бар;
Әлемде егемен Қазақстан бар;
Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенiмдi саяси жүйесi бар;
Ең бастысы – бүгiннен нұрлы, бүгiннен кемел болашағы бар; Сол күнге берiк сенiмi бар!»-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Ақерке ҚАБДҰЛКӘКІМ