«Экспресс К» газетінің бас редакторы көз жұмды
Бүгін Астанада «Экспресс К» басылымының бас редакторы Тимур Неталиев көз жұмды. Бұл жайында марқұмның әріптестері әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Туыстары оның Ақтауда жерленгенін жеткізді», — дейді әріптестері.
Әріптестері Тимур Неталиевтің қатты ауырып, жансақтау бөліміне түскенін айтты.
Айта кетейік, Тимур Неталиев 2004 жылы «Экспресс К» газетіне жұмысқа орналасып, 2009 жылы бас редакторлық қызметке тағайындалған.