ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА 30 КІТАП
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 кітап оқу мақсатында «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында, қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына байланысты «Ұлы даланың дара ұстазы» тақырыбында әдеби сағаты ұйымдастырылды. Іc-шара қалалық Абай атындағы кітапханада Шымкент қаласы ОККЖ-не қарасты №1, 13 кітапхана бөлімшелері бірлесе отырып №43 ЖОМ оқушыларымен өткізілді.
Әдеби кеште ағартушы, ақын Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, шығармашылығы туралы кеңінен айтылды. Жас өрендер ақынның өлеңдерін жатқа айтып, ғибрат аларлық тұстарына тоқталды. Сонымен бірге оның мәнді мысалдары да талқыланды.
Қазақ әдебиетін балаларға мол азық қалдырған бірден-бір тұлға Ыбырай Алтынсарин. Оның әңгімелері мен өлеңдері өміршеңдігін әлі күнге дейін жоғалтқан жоқ. Жас ұрпақ үшін қалдырған рухани азығы төл әдебиетіміздің асыл мұрасы болып қала бермек.
Кеш барысында ұстаздар мен кітапханашылар сөз алып, оқушыларға ағартушы еңбектерін етене таныстырды. Мұндай шаралар жыл соңына дейін өз жалғасын таба бермек.