ЕЛ ЖҮГІН КӨТЕРГЕН ЕЛБАСЫ
1991 жылғы 16 желтоқсан – Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған күн – әлемнің саяси картасында алғаш рет пайда болған жаңа елдің тарихын есептеудің басы болды. Оның күш – жігерінің арқасында Қазақстан бір кездері шеткері одақтас республикадан-Орталық Азияның танымал көшбасшысы-серпінді дамып келе жатқан елге айналатынын ешкім елестете де алмады. Жаңа мемлекеттілікті құра отырып, ол өзінің зияткерлік және физикалық күштерін, жан энергиясын аямай, күндіз-түні жұмыс істеді, ел өмірінің барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдады және тапсырмалардың орындалу барысын бақылап отырды, ең алдымен өзіне және серіктестеріне қатаң талаптар қойды.
«Жүк ауырын нар көтереді», Елбасының көтерген жүгін ешкім кесіп айта алмайды. Өйткені, мемлекетті «құрауға» болатын дайын сызбалар немесе схемалар болған жоқ. Бәрін тек өзінің көрегендігіне, тәжірибесіне, білім жүгіне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне, пікірлестерін қолдауға және халықтың сеніміне ғана сүйене отырып, бірінші рет жасауға тура келді.
Оның тікелей басшылығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік атрибуттарға, заманауи конституцияға ие болды. Тұңғыш Президенттің күш-жігерінің арқасында көптеген елдерде танылған билікті бөлу принципі жаңа демократиялық мемлекеттік институттар қызметінің негізіне алынды. Еліміз халықаралық деңгейде кеңінен танылып, әлемнің жетекші мемлекеттері қауіпсіздігінің негізгі кепілдіктеріне ие болды, бұл көпжақты сыртқы саяси ынтымақтастықты дамытудың маңызды шарты болды.
Ұлттық валюта-теңгенің енгізілуі жеке қаржы жүйесін құруға және тәуелсіз ақша-кредит саясатын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Шұғыл, кейінге қалдыруға болмайтын шаралардың арқасында өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын жандандыруға, қалалар мен ауылдарда үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуді жолға қоюға, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.