ЕЛБАСЫ ЕҢБЕГІ: ҚАЗАҚСТАН АВИАЦИЯСЫН САҚТАП ҚАЛУ


Ел тәуелсіздігін алып, жекешелендіру жұмыстары жүргізілген алғашқы кезең оңайға соқпағаны анық. Кеше ғана коммунизмде өмір сүрген халық бірден жекеменшік дегенді жете түсіне алмады. Тәжірибе және қаржы жағынан өте үлкен қтындықтар болды. Сондай қысылтаяң шақта Елбасы Н.Назарбаевтың оң шешімі мен саясат пен экономиканы түсіне білетін біліктілігінің арқасында инвесторлар тартылып көптеген ірі кәсіпорындар мен компаниялар сақталып қалды.

Елбасы өз еңбектерінде былай дейді. «Осындай жағымсыз жайға тағы бір айқын мысал – біздің азаматтық авиация. Біздің жігіттер «Эйр-Казахстанды» өз басқаруына алып, бересі қарыздары үшін шетелдік әуежайларда біздің ұшақтарымызды қамауға түсірген жағдайға дейін жеткізді. Шетелдік компаниялар ұшу сапары тым қауіпті болғандықтан, өз азаматтарының «Эйр-Казахстан» ұшақтарымен ұшуына тыйым салды. Егерде ағылшындармен бірлесіп «Эйр-Астана» компаниясын құру жөніндегі менің шешімім болмаса, қазір біз мүлде авиациясыз қалған болар едік. Біздің менеджерлер әлі де іс-тәжірибе жинақтап, басқаруды үйренер деп ойлаймын» дейді.

Better Post Options