ЕЛБАСЫ ЕҢБЕГІ: НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының Ата Заңында оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған. Ендеше, еліміз үшін әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығы қымбат.

2008 жылы Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ тапсырмасымен Ұлттық нейрохирургия орталығы ашылды, ол еліміздегі нейрохирургиялық қызметтіӊ дамуы алаӊына айналды. Кішіинвазиялық жұлын нейрохирургиясы, тамырлы және функционалды нейрохирургия, эндоскопиялық нейрохирургия сияқты басым бағыттарды дамыта отырып Орталық нейрохирургиялық нозологиялар бойынша пациенттерді емдеуде халықты нейрохирургиялық патологиялардан болатын өлім-жітім мен мүгедекті азайтуға үлкен үлес қосты.

Орталық Азияда алғашқы «Гамма-пышақ» осы орталыққа орнатылды. Қазақстан ТМД аумағындағы үшінші елге және осындай жоғары технологиялық жабдығы бар Орталық Азиядағы бірінші елге айналды. Жалпы, әлемде 400-ге жуық  қондырғысы бар, олардың жартысы АҚШ пен Жапонияда орналасқан.

«Гамма-пышақ» — бұл бас миы ісіктерін, тамырлы және функционалды ауруларын емдеуге арналған радиохирургиялық қондырғы. Мұнда 192 кобальт-60 көздерінен радиоактивті сәулелену қолданылады, оның сәулелері патологиялық ошақ аймағында жиналып, біріктіріледі. Олар ісік жасушаларының ДНҚ-сын бұзады. Бұл ретте мидың сау тіндері мен науқастың бүкіл денесі сәулеленбейді. Операцияның өзі ауырсындырмай, бас сүйегін трепанациялаусыз жасалады. Операция бір реттік, яғни сәулелік терапия секілді бірнеше сатыда жүргізудің қажеті жоқ. Сондықтан бүгінгі таңда «Гамма- пышақ» — радиохирургиялық емдеудің «алтын стандарты».