ЕЛБАСЫ — ХАЛЫҚ БАҒЫНА ТУҒАН ЕР
«Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол», деп ұлы Абай атамыз айтқанындай ,қарапайым қазақ отьасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге.
Адамзат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанамын да, мақтанамын да!
Ең әуелі анасын, ана тілек сүйген Елбасы былай толғанады.
Ана тілі бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы. Сол үшін де Елбасының жарық құлағы жастыққа тимей, халқының қамы, тілінің тазалығы үшін талмай еңбек етіп келеді.
Толыққанды тілсіз толыққанды ұлт болуы мүмкін емес. Бұл да Елбасының туған тілі, ұлты жайлы толғаныстан туған ойларының бірі.
Бұл да Елбасының туған тілі, ұлты жайлы толғаныстан туған ойрының бірі. Абылый салған ақ жолмен азат Қазақстанды болашаққа бастап келе жатқан бүгінгі берекелі күнге де оңайлықпен келмегенің біздің он бір жылдық болдырған дәуреніміздің белесерін де, ой елесінде тұрғандай.
«Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын зәулім мектебінде білім алып жатқанына қуанамын. Зәулім мектепті салдырып берген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына айтар алғысымның шексіздігін ен Елбасы жайлы толғануды жөн көрдім.
Ұлттар бірлігін қамтамасыз ете отырып Елбасы өз халқына, ұлтына зор сенім жүктейді: «Өз ұлтын сүю, шын мәнінде нағыз болу-өзге ұлт өкілдеріне астамшылдықпен қарау деген сөз емес»,-деп ескерте келе: «Мемлекетіміздің діңгегі-қазақ халқы. Ел де, жер де-қазақтікі. Ел болудың ұлты да біздің жұрттың мойнында», -деп өз халқының алдына ауыр міндет жүктейді. Міне, Елбасымыз айтқан мынадай ой-түйіндері де жас ұрпақтар біздерге аманаттап отыр: «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ. Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін». Бұл әрі сабақ, әрі ащы шындық екені рас. Елбасымыздың білімдарлығының арқасында күллі әлем Қазақстанды тани түсуде. Елбасының шетелдерге әрбәр сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей ел қамы екені даусыз.
Елбасы еліне сенеді, елі Елбасына сенеді. Жас ұрпақ біздер де ертеңімізді Елбасымызбен, оның нұсқаған басым бағыттарыарқылы елестете аламыз. Еліміз ауыр да, сынағы мол жылдарды артқа тастады. Ендігі кезең-жарқын жылдар болмақ.
«Тәуекел болмаса, тәуелсіздік бола ма?-деп сонау 1997 жылы Астанаға
мемлекетіміздің бас қала мәртебесін беруінің қандай ұтымды болғандығын айтып жеткізгісіз емес пе?
Мен осынау Елбасы туралы жүрек жарды шығармамды Нұрсұлтан Әбішұлының өз сөзімен аяқтамақпын: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соғар жолдар бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!».
Сәлімова Аружан
Жетекшісі: Бекназарова Ш.С
zharar.com