ЕЛБАСЫ ҚАЛАҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫМЫН!

Халқымызды төркүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, айналдырған 12 жылда Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген, халқымызға пана, жастарға аға болған тұңғыш Елбасыма алғысым шексіз.

«Қазақстанның болашағы — жастар, сіздердің қолдарыңызда» деген сөзі бізге үлкен жауапкешілік артып отыр. Біз қазіргі таңқаларлық жетістігімізді одан әрі баянды етуге ұмтылсақ, өзіміздің және келер ұрпақтың тағдырына сенімді болғымыз келсе, Қазақстанды Орталық Азияның ғана емес, Еуразиялық ұлан-байтақ кеңістіктің қуатты да беделді мемлекеті ретінде көруді қаласақ, ішкі бейбіт өмір мен ұлттық рухани гүлденуді таңдап, жаңа өмірге қадам басуымыз керек.               

    Мемлекеттік тәуелсіздікті төрт аяғынан тең тұрғыза білген Елбасымыз еліміздің алда тұрған бірнеше он жылдығына жүйелеп жоспар құрып, халқына қамқорлық жасаудан тайынбайтынын өзі бірнеше рет дәлелдеді. Небәрі 29 жыл ішінде атқарылған іс аз емес. Жеткен жетістіктеріміз бен алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын  саясатының арқасы. Біз, жастар, әрқашан да Елбасымен бірге болуымыз керек.

        Тәуелсіздігіміздің, болашағымыздың негізі, рухани тірегі, кепілі — байырғы халқымыз. Сондықтан да, ақ пейіл де ақжарқын халқыма әрқашан Алла жар бола бергей!

       Жарқын болашаққа жол сілтеген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бейбіт сүйгіш сарабдал саясатына, Отанымның жарқын болашағына сенемін!

Санжар Бахтиярұлы.