ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан бейбітшілік және Қауіпсіздік Кеңесін басқарды және Ауғанстандағы жағдайды реттеу үшін бірқатар бейбіт бастамаларды бастады. Елбасы өңірлік көшбасшы рөлін ала отырып, Ауғанстан тарапынан қатерлерді жою, ОА бойынша көрші мемлекеттердің қауіпсіздігі, өңірлік экономикалардың орнықты өсуі мен тұрақты дамуы, сондай-ақ экономикалық, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері сияқты өзекті проблемаларды шешу үшін республика барлық ықтимал күш-жігерін жұмсауға ниетті екенін мәлімдеді.

Ауғанстан елшісі Мохаммад Азими Қазақстан дипломаттарымен кездесулердің бірінде өз елінің басшылығы атынан Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынастарды стратегиялық деңгейге көтеру және тиісті келісімге қол қою ниеті туралы хабарлады. Елші сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның өз еліне көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.

  • Біз Қазақстанның Ауғанстанды дамытудағы рөлін жоғары бағалаймыз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Сіз Кеңес делегациясының Қабулға сапарын алғаш рет ұйымдастырдыңыз. Ортақ шекараның жоқтығына қарамастан, біз Қазақстанды достас көршіміз деп санаймыз, – деді Мохаммад Азими.
  • Кезінде Америка Құрама Штаттарының басшысы Дональд Трамп та Нұрсұлтан Назарбаевқа деген құрметін білдірген. Тәуелсіздік күніне орай жеделхат жолдай отырып, 1991 жылдан бастап екіжақты байланыстарды нығайту және кеңейту бойынша жүйелі түрде жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.
  • Сіздің биылғы қаңтарда Вашингтонға жасаған сапарыңыз (2018) Осы жылдар ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан қарым-қатынастарды ілгерілетуге және нығайтуға жаңа серпін берді, — делінген жеделхатта.
    Трамптың пікірінше, «Назарбаевтың басшылығымен ел ядролық қаруды таратпаудың көшбасшысы және жер бетіндегі бейбітшілікті жақтаушы болды».

ҚХР басшысы Си Цзиньпин 2008 жылы Қазақстан студенттері алдында сөйлеген сөзінде «Президент Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ел әлдеқайда алға жылжығанын»атап өтті.Мұны растау-ұзақ мерзімді саяси тұрақтылық, экономиканың жылдам өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің едәуір артуы, елдің халықаралық беделінің айтарлықтай нығаюы, — деді ол.


Айта кетейік, алты жыл ішінде Қазақстан мен Қытай президенттері 18 рет кездесіп, 120-дан астам құжатқа қол қойды. Си Цзиньпин өз сөзінде бірлескен жобаларды, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол»бағдарламасын жүзеге асырудағы ынтымақтастыққа жиі тоқталды.

  • Біз Қазақстанмен бірге адамзаттың біртұтас тағдырын құру жолына түсуге және адамзаттың жарқын болашағын жасау үшін зияткерлік және физикалық күш-жігер жұмсауға дайынбыз, — деді Қытай төрағасы.
    Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин әрбір сапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығын, саяси көзқарастардың ортақтығын және халықтар достығын әрдайым атап өткен.