ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК БАСПАСӨЗ
Қазақстан халықаралық қоғамдастықта өзінің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен ассоциацияланатын әлемдегі ең жас елдердің бірі. Ол тұрақсыздық пен белгісіздік кезеңінде мемлекетті дұрыс басқарып, елдің өркендеуіне жол ашты. Осы жылдар ішінде Елбасы өзінің бастамаларымен халықаралық саяси аренада сенімге, жақсы беделге ие болды.
Stratfor америкалық жеке барлау-талдау компаниясы өзінің сайтында The More Things Change, the more Kazakhstan Stays Important деп аталатын талдамалық материалын жариялады.
— Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғаннан бері билікте болған Нұрсұлтан Назарбаев орасан зор экономикалық реформалар жүргізді. Президент Кеңес Одағының соңғы күндерінде республиканы басқарды, КСРО ыдырағаннан кейінгі күйзелістер мен дағдарыстарды бастан кешірді және елді жаңа мыңжылдыққа жақсы нәтижелермен алып келді. Осы уақыт ішінде ол экономиканы құрды, бүгінгі күні, сөзсіз, Қазақстанды және оның перспективалы энергетикалық секторын сыртқы әлемге ашты, — дейді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мықты орталықтандырылған үкімет құрып, саяси фракцияларды шебер басқара отырып, тұрақтылыққа қол жеткізді. Сондықтан барлық президенттік сайлауда жеңіске жеткен Назарбаев өмір бойы қазақстандық көшбасшы болып саналатыны таңқаларлық емес, — деп жазылған Stratfor басылымында.