ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК

Адамның қадір-қасиетінің басты өлшемі еңбек болған қарапайым ауыл отбасынан шыққан Елбасы көп жұмыс істеуге және нақты мақсаттар қоюға дағдыланған. Мектепті туған ауылында сәтті бітіріп, комсомолдық жолдамамен 1958 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды металлургия зауытының құрылысына Теміртау қаласына жіберілді. Металлургтің «жалынды» мамандығы оның ерік-жігерін, мінезін шыңдады, көшбасшылық қасиеттері басқалардан айқын көрінді.

Сол жылдары әлем түбегейлі өзгерді: Әлеуметтік және мәдени өмір жанданды, адамзат ғарыш кеңістігіне серпіліс жасады, бүкіл ел бойынша өнеркәсіптік алыптардың құрылыстары басталды. Жарқын болашаққа деген ынта мен сенім күш-қуат сыйлаған ол сол кездегі көптеген жастар сияқты, жан-тәнімен жаңа, озық болуға ұмтылып, өз бастамаларында әрдайым алда болуға тырысты.

Белсенді, айналасындағылардың бәріне бей-жай қарамайтын Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық өмірдің бел ортасында болды. 1969 жылдан 1979 жылға дейін комсомол және партия органдарында басшылық лауазымдарда бола отырып, Қарағанды металлургия комбинаты, Теміртау қаласы, содан кейін бүкіл Қарағанды облысы ауқымында өндірісті дамытуға, әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешуге қатысты барлық жаңа міндеттерді табысты шешті.

1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстан Компартиясы ОК-нің өнеркәсіп, көлік және байланыс жөніндегі хатшысы, содан кейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы бола тұра, ол республиканың әлеуметтік-экономикалық өмірінің барлық қырларын жете түсініп, әрбір саладағы және әрбір нақты кәсіпорындағы істің жай-күйін білді. Сонымен бірге ол Республиканың да, жалпы елдің де экономикалық дамуының көрінісін ұсынды.

Оның көшбасшылық қасиеттері әсіресе Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген жылдары айқын көрінді. Сол кезде, 1980-жылдардың аяғы мен 1990 – жылдардың басында Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл елге кеңінен танымал, жалпыодақтық деңгейдегі саяси қайраткер болған. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің ауқымды көзқарасымен, ескірген үлгілер мен таптаурындардан арылмай, нық сеніммен, түйіткілді түйіндер мен ережелер шегінен шыға отырып, жаңаша ойлауға және әрекет етуге ұмтылысымен ерекшеленді.