ЕЛБАСЫҒА РАХМЕТ АЙТАМЫН

Біздің еліміз жыл сайын 1- желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді.

Елбасы қарапайым отбасында дүниеге келген.Металлургия заутында жай жұмысшы болып жұмыс істеген. Елбасымыз Нұрсұлтан атаның арқасында біздің елімізде тәуелсіздік нышандары пайда болды.Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдерінің бастарын біріктіріп, татулықта өмір сүруді үйретті. Ата-аналарымыз жұмыспен қамтулы, ата-апаларымыз зейнетақысын уақытында алады.Еліміз тыныш, аспанымыз ашық. Бұл үшін Елбасыға рахмет айтамын.Ұзақ ғұмыр тілеймін. Әрқашан елімізде бейбітшілік пен келісім болсын.

Мұхаммед-Али Нұрбекұлы,

 «Болашақ» мектеп-гимназиясының 2″А»сынып оқушысы

 Жетекшісі: Байжаркинова Шарипа Абдешқызы.

 Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы