ЕЛБАСЫМЕН ЕЛЕНГЕН «НҰР ОТАН»
Ел тәуелсіздігін алды. Еңсеміз тіктелді. Басқару жүйесі қалыптасты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен демократиялық саясаттың негізінде «Нұр Отан» партиясы қоғамға келді. Аз уақыттың ішінде ел өміріне елеулі өзгерістер әкелген партияның беделі шекара асып халықаралық деңгейге көтерілді. Көшбасшы ұйымға мүше болып кірген азаматтардың қатары көбейді.
Бүгінде Партияның Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазір қай істің басы-қасында «Нұр Отан» жүреді. Өйткені ел сенімі оған күннен күнге артып отыр. Бұған бастама болып, жалындаған сөзбен жарқын болашаққа бағыттаған ұрандар да рухты жігерлендіреді.
«Нұр Отан» — Нұрлы жолымыздың нақты нышаны!
«Нұр Отан» саяси партия ғана емес, мемлекеттік басқарудың да партиясы!
«Нұр Отан» қуатты Қазақстанның қарышты қадамымен қанаттас ұйым.
Қай мемлекеттің де басты байлығы – халық. Мемлекеттің қызметі де маңызы халық үшін мүдделі. Елдегі жемқорлыққа тосқауыл ретінде, жалпы республикада мемлекет қазынасына қол сұғушыларды тиюда Елбасы жетекшілік жасайтын «Нұр Отан» партиясының алар орны жоғары.