ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІ
Ел Тәуелсіздігі Егемен Қазақстанның әлемге танылуына, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуына мол мүмкіндік әперді. Тарихи тәуелсіздіктің жетістікке толы жтырма жылы бүгінін бекемдеп, алдағы биігін айқындап, болашақ бағытын бағдарлап алды. Бұл елі сүйген Елбасының ерен еңбегі, ақиқат алдындағы айқын белгісі еді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланып, мемлекеттік дербестіктің салтанат құрғанына биыл отыз жыл толмақ. Бұл тәуелсіздік қаншама қазақ зиялысының асыл арманы еді, азаттықты аңсаған Алаш арыстарының мақсаты еді, міне сол арман-мақсаттардыы айшықтап, ел тілегі Елбасы, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қазақ жұртын әлем таныған қуатты Қазақстанға айналдырды.
Ұлағатқа ұйыған ұрпақ әр ұлттан да табылады. Бірақ қазақ ұлтының қасиеті ешкімнің үлесінде жоқ. Кешегі аумалы-төкпелі заманда бір тістем нанды қылдай бөліп, аштықтан аман алып қалған дархан пейілі көп ұлттың жадынан шыға қоймаған болар. Қазақтанға неміс те сыйды, кәріс те сыйды, орыс та сыйды, сайып келгенде жүзден астам ұлттың ыстық ұясы болғаны шындық. Бүгінгі қуатты Қазақстанда басты бағытты ұстанған ұлттар достастығы арқасында бейбіт елдің баянды жолы жалғастық құрды.