ЕЛБАСЫНЫҢ ҚҰНДЫ ЕҢБЕГІ — «ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ»
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өмірлік ұстанымы мен ел басқару жолындағы тәжірибелерінен туындаған ой пікірлерін жинақтап, «Өмір өткелдері» деген атпен ел тарихының жылнамасына қалдырды. Қазақ елінің қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндаған, тоғыыз тараудан тұратын, оның әрбірі тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс жоспарлары, ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру жайлы ойтолғамдары «Қазақстан жолы» кітабында көрсетілген. Сондай-ақ, жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу, елорданы Астанаға көшіру, Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы жан-жақты баяндалады.
«Тарих тағылымдары және қазіргі заман», «Жүз жылға татитын он жыл», «Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы. 10 жыл», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, әлемде және Қазақстанда болған жағдайлар мен өзгерістер туралы «Сындарлы 10 жыл» кітабында тереңнен толғана тебіренеді.
«Өмір өткелдері» сұхбат түрінде жазылған кітап. Ұлттық рухтың мәйегіне толы отаншыл ұрпақтың жата—жастана оқитын кітабы, ойлы оқырманның сүйіп оқыр дүниесі. Елбасы бұл еңбегінде өзінің балалық шағы, Украинада өткен жастық жылдары, Теміртаудағы құрыш құйып шыныққан кезеңін шебер бейнелейді. Кітап 16 тарау, 570 беттен тұрады.
Шығарманың шынайы құндылығы — Елбасы мен сұхбат алушы арасындағы әдеби әдеби шынайы әңгіме өрбуі, егемендік шежіресіне қатысты бұрын айтылмаған тың деректер айтылған.