ЕЛБАСЫНЫҢ МАРАПАТТАРЫ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің халықаралық қауіпсіздікті сақтау және нығайту саласындағы өзара тиімді және достық мемлекетаралық қарым-қатынастарды қалыптастырудағы көпжылдық жетістіктері бүкіл әлемде мойындалды. Осыған дәлелдеме ретінде біздің республикамыздың серіктес мемлекеттері Нұрсұлтан Назарбаевты марапаттаған  жоғары мемлекеттік марапаттарының маңызды саны болып табылады,

Осылайша, Ресей мен Қазақстан халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Мемлекет басшысы «Әулие апостол Андрей Первозванный»  орденімен марапатталды.

Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы еңбегін мойындай отырып, Елбасы «Әулие Михаил мен Әулие Георгий Орденінің Үлкен Кресімен» (Ұлыбритания) марапатталды.

Халықаралық деңгейде Мемлекет басшысының жеке қасиеттері де атап өтіледі. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа ««Мемлекет басшылығындағы шеберлігі мен таланты үшін» «Пий» Орденімен (Ватикан) мараптталды.