ЕЛБАСЫНЫҢ ҰТҚЫР ШЕШІМІ

Күшті президенттік билікке құрылған егемен мемлекеттің дамуы стратегиялық мақсат ретінде айқындалды. Жас республикаға мемлекеттілік нобайын айқын белгілеп алу қажет болды. Уақыттан ұтылып қалмауды және дағдарыстың әрі қарай тереңдей түсу қаупін ескере келіп, президенттік билік кезек күттірмейтін мәселелерді шешу үшін топтасуға және ымырашыл-жартыкештердің ақыл кеңестері мен ізденулеріне көңіл аудармай, қысқа мерзімде алғашқы кезектегі реформаларды жүргізуге мүмкіндік берді. Сол кезеңде негізгі міндеттерді шешуді көздеген жаңа министрліктер құрылды. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет қарулы күштер, дипломатиялық жєне кедендік қызметтер секілді мемлекеттік институттар құрылды. Мемлекеттік шекараны айқындап, нығайту жөнінде шаралар қабылданды. Мұның бері ірі қаржы ресурстары мен батыл әрекеттерді талап етті.

Елбасы барлық тәжірибесі мен ақылын іске қосфп бұл тығырықтан шығудың жолын тапты. Тәуелсіз елдің аяққа нық тұрып кетуі үшін қолда бар ресурстармен де қыруар тірліктер тындырды.