ЕЛІМІЗДЕ ВАКЦИНА АЛҒАНДАР САНЫ 1 МИЛЛИОННАН АСТЫ

2021 жылғы 28 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 1 016 809 адам вакцина салдырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Осы орайда Шымкентте өткен тәулікте 7 122 адамға вакцина салынды: I компонент – 5 918, II компонент – 1 204 адам. Егу науқаны басталғалы барлығы 89 957 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 10 312 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қазіргі таңда қалада екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Вакциналау бекеттерінің саны да артып, 42-ге жетіп отыр. Сол себепті тұрғындарды тезірек екпе салдыруға шақырамыз.