ЕҢБЕКҚОР ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН ЕЛБАСЫ
Елбасының 2012 жылдың жазында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында прагматизм қағидаттарын ұсынып, қатаң әлемде өмір сүру үшін біздің экономикалық және әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және жалпыға ортақ еңбектің күшті қоғамын құруға бағытталуы тиіс екені атап айтылды. «Мемлекет әлеуметтік саясатты жақсартуға күш салуда, нақтылы өндіріске, еңбек қарым-қатынастарының сапасына қолдау білдіреді, реформалардың арқасында мыңдаған жұмыс орындарын құрады. Алайда тұрғындар мұндай жаңалықтарға, өзінің біліктілігін көтеруге немесе жаңа мамандық алуға дайын бола бермейді. Бәсекеге қабілетті ұлт боламыз десек, мұндай енжарлықтан, масылдық психологиядан арылуымыз қажет. Жаңа мамандықтарды игеріп, қай жерде жұмыс бар, соған қарай ұмтылу қажет. Мұндай тәжірибелер Еуропада, Америка мен Азияда бар» деді Н.Назарбаев.
2013 жылдың шілде айына таман ірі және орташа кәсіпорындардың 80 процентінде ұжымдық шарт жасалды. Әлеуметтік климатты зерттеу мақсатында мониторинг жарияланып, еңбекті қорғау артты, еңбекақы бойынша
қарыздар мен дау-дамайлардың түп мәні анықталды.
«Кәсіподақтар туралы» жаңа заң 2014 жылдың шілдесінде күшіне енді. Еңбек ұжымдарының мүддесін қорғайтын өкілдер ретінде кәсіподақтар әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты комиссиялар құрамында болып,
еңбек дауларын реттеуге қатыса бастады.
2014 жылы қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстан алғаш рет Еңбек күнін атап өтті. Бұл күні өз ісінің шеберлерін дәріптеп, барлық ерен еңбектің иелеріне, еңбекшілерге құрмет көрсетіледі. Алғашқы Еңбек күні мерекесінің қарсаңында Астана қаласында республикалық форум өтті, онда жұмысшы мамандығының үздік өкілдері «Еңбек ардагері» жаңа төсбелгісімен марапатталды.
«Еңбек даңқы» орденін белгілеу арқылы мемлекет еңбеккердің, шаруа адамының беделін көтеруге ұмтылатынын тағы да дәлелдеді. Сондай-ақ еңбектегі теңдессіз, аса жетістіктерімен ерекшеленгендер бұрынғыдай,
«Еңбек даңқы» орденін белгілеу арқылы мемлекет еңбеккердің, шаруа адамының беделін көтеруге ұмтылатынын тағы да дәлелдеді. Сондай-ақ еңбектегі теңдессіз, аса жетістіктерімен ерекшеленгендер бұрынғыдай,