Энергетика саласын дамыту талқыланды
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары атом және энергетика саласын дамыту мәселелері бойынша Энергетика министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Жүздесуде отандық энергетика нарығының қазіргі жай-күйі мен мәселелері талқыланды. Сенаторлар металлургия, көлік, IT, медицина, фармацевтика және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында жаңа жобаларды жүзеге асыру барысында туындаған электр энергиясы тапшылығының өсе түскеніне баса назар аударды. Осыған байланысты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін таза энергия көзі ретінде атом электр стансасын салудың маңызы зор болып отыр.
Іс-шара барысында қатысушылар технология мен құрылыс ауданын таңдау, сондай-ақ қауіпсіздік, экология және әлемдік тәжірибе мәселелерін талқылады. Депутаттар кездесу қорытындысы бойынша АЭС салу бастамасына қолдау білдірді және осы жобаның барлық мән-жайын халыққа кеңінен түсіндіру қажеттігін атап өтті.