ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ: БЕС ӨҢІР «САРЫ» АЙМАҚТА

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 21 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
22 ақпандағы матрицаға сәйкес, Қазақстанның бес өңірі «сары» аймақта — Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары. Қалған өңірлердің бәрі — «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.
Қазіргі күні ҚР-ның 20 мыңға жуық азаматы COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын қабылдады. Олардың ішінде вирус жұқтырғандар әзірге тіркелмеді.
Айта кетейік, Шымкент қаласында коронавирусқа қарсы 1000 доза «Sputnik V» препаратының бірінші компонентін салу толық аяқталды. Аталған екпені ерікті түрде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары, жедел жәрдем көрсету мекемелері, инфекциялық аурухана және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері қабылдады. Ал медицина мамандарына екінші компонентін егу 22 ақпанда басталады.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы