ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
Былтырғы жылы Шымкентте алғаш рет аутизмі бар балаларға арналған мемлекеттік негіздегі оңалту орталығы ашылған болатын. Мұндағы мамандар ерекше балардың әрқайсысымен жеке жаттығу жасап, қоғаммен бірге өмір сүруіне жағдай жасайды.Ең бастысы тегін қызмет көрсетеді. Емдеу мекемесіндегі мамандар психоневрологиялық паталогиясы бар балаларды емдеу ушін — педагогикалық түзету, музыкалық терапия, кәсіби терапия, ойын терапиясы бойынша емдеу курсын жүргізеді. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша аутизмі бар 200-ден аса бала тіркелген. Ал аталған оңалту орталығында қазіргі таңда 65 бала тиісті ем алуда. Бұл оңалту орталығында ем қабылдаған балалардың 60 пайызы дертінен айығуына мүмкіндік бар.
Қазақстанда ресми мәлімет бойынша 140 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі бала бар, олардың 50 мыңы мектеп жасындағы балалар. Алайда солардың басым көпшілігі дені сау балалар сияқты мектептерге бара алмайды. Оған біріншіден қоғамның қабылдауы мен білім беру саласындағы кемшін тұтар себеп. Десе де, өткен оқу жылында 500-ге тарта балабақша және үш мыңнан аса мектеп инклюзивті білім беруше көшкен. Ал алдағы жылы олардың қатарын 70 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Ж.АЛИМБАЕВА.
№5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы.
Шымкент қаласы.