ЭТНОСТАР ТАТУЛЫҒЫ — ЕЛБАСЫ ЕҢБЕГІ

 

1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұрсұлтан Назарбаев басқарған тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің формуласы — қоғам мен мемлекет дамуының эволюциялық көзқарасын қалыптастырудың және практикалық іске асырудың маңыздылығын көрсетті. Елбасы республикадағы ұлттық мәселеге немесе этносаралық қатынастарға әрдайым баса назар аударады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі конституциялық принциптері мынадай: — ұлттық саясатты жүзеге асыруда шешуші рөл атқаратын этносаралық қатынастар саласындағы ерекшеліктер мен негізгі үрдістерді ескере отырып; — адамның және азаматтың оның нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, әлеуметтік топтарға және қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан, құқықтары мен бостандықтарының теңдігі; — азаматтардың әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, лингвистикалық немесе діни бірлестіктер негізінде құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салу; — республиканың тарихи қалыптасқан тұтастығын сақтау; — Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан аумағында тұратын халықтардың құқықтарын қамтамасыз ету; — Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеттері мен тілдерін дамытуға жәрдемдесу; — қақтығыстар дер уақытында және бейбіт жолмен шешу; — мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни өшпенділікті немесе қаскөйлікті қоздыратын әрекеттерге тыйым салу; шет елдерде тұратын отандастарын қолдау, ана тілін, мәдениетін және ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, халықаралық құқыққа сәйкес олардың тарихи отанымен байланысын нығайту.

Осы принциптердің барлығы жүзеге асырылуда. Мемлекеттің ұлттық саясатының негізгі қағидалары барлық ұлттық және діни топтардың өкілдеріне тең құқықты және барлық конфессияларға қызмет ету үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Осыған байланысты Қазақстанда соңғы 30 жылда этникалық немесе діни негізінде бірде-бір саяси жаппай қақтығыс болмаған.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымның кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті