«ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕГІ» ҚАЛА ТУРАЛЫ ЕҢБЕК
Тәуелсіз Қазақстан халқының, қазақ ұлтының, оның бүгінгі және келешекте дүниеге келер ұрпағының өз тарихындағы мақтан тұтар тұстарының, тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін құрудағы атқарған басты істерінің, Елбасы бастап, елі қолдап тұрғызған жасампаздық нысаны – Ел Ордасы, бас қаласы — Нұр-Сұлтан.
Елбасының 2005 жылы жарық көрген “Еуразия жүрегінде” атты кітабы сол бас қаланың тарихына арналған. Кітаптың алғы сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы: “Астананы құру – ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі мыңжылдықтың тоғысында біз шешім қабылдап, Еуразаияның жүрегінде іс жүзінде жаңа астана құрдық”-деп жазса, кітаптың соңында “Нұрсұлтан Назарбаев, 1993-2005.”-деген жазу бар.
Демек, кітаптың пайда болуының объективтілігі, тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті салаларының бірі – қаланың дүниеге келуі, оның көрсетілген жылдар аралығындағы, яғни сегіз жылдық тарихының кітапта бейнеленуі. Астана тарихы кітапта тек жазба түрде ғана емес,сонымен қатар қала тарихы, оның ғиамараттары көркем фотосуреттер арқылы да бейнеленген. Маңызды дерек көздері ретінде олар кітаптағы автор жеткізіп отырған мәліметтерді толықтыра түсері күмәнсіз.