Гүлшаттың жапқан нандары-ай!
—Жалпы, жасауға болатын, қолдан келетін іс. Жұмысы да оңай емес әрине. Қамырдың бабын келтірмесең, нанның сапасы да жақсы болмайды. Бірақ, әрбір істің өз қиындығы болатынын ескеріп, бастаған ісімізді тастамақ емеспіз. Көпбалалы екенмін деп аспанға қарап жата берсең ешкім айды әкеп бермейді. Бізге тек тиісті орындардан осы кәсібімізге қолдау, қаржылай көмек көрсетілсе. Яғни, «балық емес, қармақ сұраймыз». Алдағы уақытта осы бағытта ізденіп, кәсібімізді кеңейткіміз келеді, —дейді кәсіпкер отбасы.
Төребековтердің алдағы мақсаты шағын пештен бастаған ісін үлкен наубайханаға айналдыру екен. Ол үшін арнайы мемлекеттік грант немесе несие көздері қарастырылса дейді. Қазір Төребековтер отбасы Ақжар ауылы бойынша нан жауып, сатумен айналысатын жалғыз кәсіп иесі болып тұр. Аз ғана жапқан нан кейде жетпей қалып жатады. Жұмысшылар алып, оларға айлық төлейтіндей жағдайға жетуді жоспарлауда. Өнімнің сапасы мен тазалығына баса мән беретін келіншек нанның әр данасын сексен теңгеден сатуда.
—Өзім ертелі-кеш жұмысқа барып келетіндіктен, үйде нан жауып жеуге мұрша бола бермейді. Сондықтан, сатып алып жейміз. Гүлшаттың жапқан наны өте дәмді, таза әрі сенімді қолдан шыққан, үйде пісіріледі. Бағасы да қалтаға қонымды, — дейді риза болған ауылдастары.

Напишите сообщение…