ҒЫЛЫМҒА АРНАЛҒАН ШЫҒЫНДАР ӨСЕДІ

Ғылымға арналған шығындар 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 1% — не дейін өседі
Өткен жылы Ұлттық ғылыми кеңестің құрамы жаңартылып, жұмысының жаңа қағидалары бекітілген болатын. Жобалардың экономикалық сараптамасы мен Ұлттық ғылыми кеңес балдарын саралау рәсімі, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама енгізілді.
2021 жылы алғаш рет ғылыми ұйымдарды жаңғыртуға 2,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл 22 ғылыми-зерттеу институтының материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік берді.
Қысқа уақыт ішінде биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары өте маңызды жұмыс жүргізіп, бірден бес вакцинаны әзірлеп шықты. Олардың алғашқы екеуі клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан сәтті өтіп жатыр. Отандық вакциналар өндірісін іске қосу үшін GMP-нің барлық талабына сәйкес келетін зауыт салынып жатыр. Ғылымды қаржыландыруды одан әрі ұлғайту жоспарланып отыр. Ғылымға арналған шығындар 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 1% — не дейін өседі. Бұл қазақстандық ғылымның дамуына жаңа серпін береді.