ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҚАШАНДА МАҢЫЗДЫ

Халықтың денсаулығы, медицинаны қолдау және саламатты өмір салтына ынталандыру – Қазақстан үшін қашанда аса маңызды. 2002 жылды Денсаулық жылы деп жарияланды. Бұл Қазақстан медицинасындағы сапалы оң өзгерістердің басы болды. Денсаулық сақтау жүйесін реформалау төрт бағыт бойынша жүргізілді.

Біріншісі – сырқаттың алдын алу және халықтың денсаулығын жақсарту. 2002 жылы елімізде бірінші рет азаматтар жаппай скринингтік тексеруден өткізілді, соның нәтижесінде бізде әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелеріне айрықша көңіл аудару қажет екені анықталды. Қазақстан ТМД елдері арасында жаңа туған сәбилерге гепатитке қарсы вакциналауды бірінші болып ендірді. 2005 жылдан бастап дәрігерлер 18 жасқа дейінгі балалардың және бала туатын жастағы әйелдердің денсаулығын жоспарлы түрде тексереді.
Реформалаудың екінші бағыты – денсаулық сақтау саласын басқарудың жаңа үлгісін жасау болды. Сонымен қатар әр азаматқа тегін көрсетілетін медициналық қызметтердің жеткілікті жиынтығы ұсынылды. Мемлекеттік
емес секторды дамытуға назар аударылды. 2008 жылы 1,9 мың мемлекеттік емханаға 800 жеке емханадан келетін-ді, жалпы алғанда осы саладағы жеке сектордың үлесі – 30 процентті құрады.
Үшінші бағыт – инновациялық әдістемелерді енгізу және алдыңғы қатарлы емдеу орталықтарын құру. Енді Қазақстанда бірінші рет бүйрек алмастырып салуға, жұлынды трансплантациялауға, эндопротез жасауға
мүмкіндік туды.
Төртінші бағыт халықты фармацевтикалық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жүйесін қамтыды. Маңызды әлеуметтік мәнге ие сала ретінде фармацевтика дәрі-дәрмектік заттардың өндірісін ұлғайту, сол арқылы ішкі
нарықты қамтамасыз ету үшін қажетті қолайлы ахуалға ғана емес, сонымен бірге сапалық жағынан тиімді реттеу ісіне де мұқтаж еді.

Онжылдықтың орта шенінде Денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Облыстарда 50-ден астам алғашқы медициналық-санитарлық
көмек орталықтары құрылды, 7 орталық аудандық аурухана, 44 денсаулық сақтау нысаны салынды.

2010 жылдан бастап Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі енгізіле бастады. Ол емделушінің ауруханаға жатар кезде дәрігер мен медициналық ұйымды өзі таңдай алуын, сондай-ақ қаржыландыруды емдеу
нәтижелеріне қарай айқындауын көздейді.
Денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік қаржыландыру да ұлғайды – 2002 жылғы ІЖӨ-нің 1,9 процентінен 2010 жылғы 3,2 процентке дейін.
Озық медициналық технологиялар өңірлерге де жете бастады. 2000-шы жылдардың соңына қарай Қазақстанның барлық облыстарында жүрекке техникалық жағынан аса күрделі операциялар жүргізілді.
Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы үдемелі мемлекеттік саясат қысқа мерзім ішінде медициналық қызметтер нарығы мен азаматтардың денсаулығын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыра алды.