ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?
Биылғы сайлау ерекше өтті. Күткен адамдарымыздың біразы сүрініп, күтпеген адамдардың біразының алшысы оңынан түсті.
Жалпы, Мұрат мырзамен праймериз уақытында біраз жерді бірге аралап едік. Жүрегінде иманы, қолында қауқары бар жан екені көрініп-ақ тұр.
Айтпағым ол емес, негізі…
Депутат мандатын алған жандардың сайланған уақыттан бері парақшаларын ақтарып көрсеңіздер, тынымсыз жұмыс істеп, оны елмен бөлісіп отырған бірден-бір жан осы – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Жолдыхожаев. Сенбесеңіздер, бүкіл қалалық мәслихат депутаттарының парақшаларын ерінбей ақтарып шығыңыздар. Бұл — мақтау емес. Тек халық ретінде, қала тұрғыны ретіндегі бір оң пікірім. Жалпы, кішкене көңілге қонымды тірліктер жасап жүргені қуантады.
Негізі, «есегі лайдан өткеншенің» кейпін жасамай, ақпаратпен белсене бөлісіп отыруды — праймериз уақытында ғана емес, қазір де жалғастырып жүрген жан ретінде біліп, қуанып отырамын.
Тұрақты түрде қоғамдық қабылдау өткізіп тұратыны бар.
Көбінде қабылдауда азық-түлік және материалдық көмекті сұраған тұрғындардың сұрақтарын да бірден шешіп тұратыны бар.
Қайырымдылық шаралары мен қала ішіндегі өзекті мәселелердің жанынан табылып, оң шешімін шығару жолында ықпал етіп те жүр. Қала тұрғындарының көкейдегі сұрағын тыңдау үшін де жиі тұрғындармен кездесіп тұрады.
Міне, халық қалаулысы деген осындай болуы керек!
Осындай қарқынды жұмыс, тынымсыз қимыл мен нәтижелі жұмысының арқасында Nur Otan фракциясының мүшесі, қалалық мәслихатының депутаты «Үздік депутат – 2021» қатарынан да табылып үлгерді.
Бұл тоқтаудың емес, ары қарай қимылдаудың белгісі болсын деп сәттілік тілейміз!
Азат Дидарбек