«IKOMEK» — ШЫМКЕНТТІКТЕРДІҢ КӨМЕКШІСІ

Шымкент қаласын цифрландыру басқармасы 2020 жылы азаматтардың өмір сүру сапасы мен қызмет көрсету деңгейін арттыру, жүйелі проблемаларды шешу және жайлы тұруды қамтамасыз ету үшін «109» бірыңғай байланыс орталығын ашты.

Қазіргі таңда, осы оралыққа келіп түскен арыз-өтініштердің жалпы саны – 164 925 құрап, 162 300 өтінішке жауап берілген, ал 2 625 өтініш бойынша тиісті мекемелермен жұмыстар атқарылуда. Басқармаға тиесілі интернет бойынша 98 арыз және бейнебақылау камераларды орнату бойынша 14 арыз түсіп, тиісті жауаптар берілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 28 наурыз күні 3 қабаттағы ситуациялық ортылық басқарма теңгіріміне өтті.

Қазіргі таңда диагностикалық жұмыстар жүргізіліді. Нәтижесінде техникалық ахаулықтар жоюға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Өнім беруші компания анықталған жағдайда ситуациялық орталықта тұрақты түрде сүйемелдеу жұмыстар жүргізілетін болады.

Алдағы уақытта, аналитикалық бағдарламалық қамтылымды орнатып, қаланың криминогентік картасын, бағалардың мониторингі және т.б пайдалы мәліметтерді жинақтап, аналитикалық деректерді ұсынуға жоспары бар.