ІНДЕТ КЕЗІНДЕ КҮНІНЕ ЖҮЗДЕН АСА НАУҚАСҚА ЕМ-ДОМ ЖАСАҒАН ДӘРІГЕР

Коронавирус инфекциясы өршіп, эпидемиялогиялық ахуал күрделенген кезде халық саулығы үшін күрескен білікті мамандардың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Індет кезінде айналасына қол ұшын созған абзал жандардың бірі – Испулова Бибісара Калдыбекқызы.

2001-2008 жылдар аралығында ОҚҚМА оқу орнын бітірген ол бүгінгі таңда жоғарғы санатты дәрігер. Көптеген куәліктерге ие болған маманның жұмыс өтілі 10 жылды құрайды.

Бибісара Испулова Шымкент қаласындағы №3 емханада жалпы тәжірбиелі дәрігері болып жұмыс істейді. Індет кезінде дәрігер мойнына ең ауыр жүк артылды. Ол күнделікті емханада жүзден аса науқасқа ем-дом жасады. Науқастың көптігіне қарамастан, дәрігер тәуліктеп жұмыс істеп, халықтың саулығы үшін аянбай еңбек етті.

Қазіргі таңда инфекцияға қарсы салынып жатқан вакцинациялау жұмыстарында өз белсенділігін көрсетуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі