ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралып, атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Жиында жаңа жобалар мен олардың өзекті мәселелері, негізгі капиталға салынған инвестициялардың 7 айда орындалуы мен алдағы жоспарлар, «Өңірлік брендтерді дамыту» жобасы аясында шағын және орта бизнесті дамыту, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдіктерінің инвестиция тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстары талқыланды.

Жиында алдымен Zoom жүйесі арқылы инвесторлар 9 жобаны ұсынды. Инвестициялық штаб отырысына басқарма басшылары, аудан әкімдері және Zoom жүйесі арқылы инвесторлар қатысты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі