«JAS TALANT» БАЙҚАУЫ ШАҚЫРАДЫ

Түркістан облыстық Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, республикалық «JAS TALANT» байқауына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
Байқау 11 сынып оқушылары мен студенттер арасында өтеді.
Бойында сан түрлі таланты бар жастардың мына бағыттар бойынша қатысуға мүмкіндігі бар:
1. «Өнерлі жас» бағытына:
«Эстрадалық ән орындау», «Аспаппен ән салу», «Көркем сөз оқу», «Би өнері» бойынша 3-4 минуттық видео қабылданады.
2. «Бармақтар» бағытына:
«Композиция» түрлі тәсілдермен салу, «Дизайн- сәндеуші», «Қолөнер бұйымдарын жасау немесе нобайын салу», «Сурет өнері» сайыстарына 1 минуттық бейне 25 сәуір — 15 мамыр аралығында қатысуға өтініштер Jas_talant2021@mail.ru почтасында қабылданады.

Видео бейнеге қойылатын талаптар:
Жазбаның сапасы жоғары деңгейде болуы;
Киім үлгісі сахналық болуы тиіс;
Дауыс пен дикция тазалығы басты назарда!

«Jas talant» онлайн-конкурсына 8000 тг жарна төлеп қатыса алады.

Өнерді берілген мүмкіндікті жоғалтып алма! Бас жүлде Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Түркия квотасы үміткері атан!
Толық ақпаратты: https://dshturkistan.kz/konkurs біле аласыз.