ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 61 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он төртінші сессиясында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Б.Әзімбердиев мәлім етті.Халық қалаулыларына 2021 жылдың қорытындысын баяндаған сала жетекшісі өткен жылы қала экономикасына 462 млрд. теңгенің инвестициясы тартылып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 61%-ға артқанын айтты.

«2021 жылға межеленген жоспар 15,5%-ға аса орындалды. Өткен жылы 100 млрд. теңгеге 54 инвестициялық жоба жүзеге асты. Оның ішінде, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2021 жылы 16,1 млрд.теңгеге 593 жұмыс орнын құрумен 15 жоба іске қосылды»,-деді Б.Әзімбердиев.

Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бағытында 2021 жылдың қорытындысымен инвестициялық штабтың 16 отырысы өткізіліп, 157 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілген.