ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Шымкент қаласында Наурыз мерекелік шараларына байланысты 19 наурыз күні сағат 9:00-ден 23 наурыз күні 00:00-ге дейін Әл-Фараби алаңы Асқаров көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.Көлік жүргізушілері бағыттарын төмендегі схемаға сәйкес үйлестіре алады.Сондай-ақ, №52, №92 қоғамдық көлік бағыттарының өзгертілген жол сызбасын назарларыңызға ұсынамыз.Жолаушылардан келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз!_