ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясында Қаратау ауданының әкімі тағайындалды. Сессия отырысында депутаттар Қаратау ауданының әкімі лауазымына Рақымберді Жанысбекұлы Мүлкемановтың кандидатурасын бір ауыздан қолдады.
Рақымберді Жанысбекұлы 1975 жылы 17 сәуiрде Алматы қаласында туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1997-2009 жылдар аралығында жеке секторда басшылық қызметтер атқарған.
Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2009 жылдан бастап бүгінге дейін Түркістан қаласының, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, қаржы және экономика салаларында басшылық қызмет атқарған.
Шымкенттің республикалық қала статусына ие болған уақыттан бері экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымында еңбек етті.
Қала басшысы денсаулығына байланысты өз өтінішімен қызметтен кеткен Абзал Әліқұловқа алғысын білдірді. Жаңа әкімге білікті маман ретінде өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.