«ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ — АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ТҮРКІСТАНДА
«Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарында жұмыс істей бастады
Кеңсенің қызметі Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде халық үшін қолайлы жағдайлар жасайды, азаматтардың жергілікті әскери басқару органдарына сенімін сақтайды және арттырады, сондай-ақ тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайтуға ықпал етеді.
Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің жұртшылық үшін ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тетігі болып табылады. Әскери органдардың сервистік модельге көшуі қазіргі заманғы талаптарға сай келеді.
«Жобалық кеңселер жұмысының басталуымен әскери басқару органдарының жеке құрамы оларға келіп түсетін түрлі сұрақтарға жауап беруде. Мысалы, әскери есепке қою немесе одан шығару, әскери қызмет өткеру туралы анықтама алу, әскери билетті беру тәртібі, азаматтарды әскери мамандықтар бойынша даярлау және т.б.» — деді Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары майор Жандос Күлдербаев.
Азаматтар тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаға немесе бөлімдегі кезекшіге жүгіне алады, ол жобалық кеңсенің басшысын хабардар етеді. Соңғысы келушіні тікелей қабылдауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда жобалық топтың тиісті лауазымды тұлғаларын шақырады.
Кеңселер үшін жұмыс орны болып қайта жабдықталған жобаның Жарғысы және жобалық топтың жеке құрамы туралы ақпаратты бар стендтер орналастырылған келушілерді қабылдайтын бөлмелер болды.
Жобалау тобының құрамына әскери есепке алуды жүргізу, есепке алу-шақыру жұмысы, кадр жұмысы және қаржылық қызмет сияқты бағыттар бойынша әскери қызметшілер мен азаматтық қызметшілер кірді.
«Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі қызметтік іс жүргізудегі құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік береді, азаматтар жүгінетін мәселелерді қараған кезде, жазбаша өтініш беру қажеттілігін азайтты. Жобалық топ азаматтардың мәселелерін тікелей шешу бойынша жан-жақты шаралар қабылдайтын болады.
Келушілерді қабылдау жұмыс уақытында сағат 9-дан 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі