КӘСІПКЕ СУБСИДИЯ АЛУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Мал бордақылау алаңына субсидия алу талабы жеңілдейді. Қолданыстағы тәртіп бойынша мал бордақылау алаңын құруға кеткен инвестициялық шығынның бір бөлігіне субсидия алу үшін онда ұсталатын малдың саны 5 мыңнан кем болмауы керек.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі осы талапты 500 басқа дейін түсіруді ұсынып отыр. «Мал бордақылауға арналған объектілерді құру және кеңейту» жобасының №5 паспортына ірі қара малды біржолғы күтіп-бағу 500 басқа дейін,
қойды да біржолғы күтіп-бағу 500 басқа дейін азайту жолымен» кәсіпкердің инвестициялық шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қажет деген нұсқау беріп отыр.
Мәселе шешілу үстінде. Аталған тосқауылды агенттік мамандары ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен бірге пысықтап жатыр.
https://kz.otyrar.kz