КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА ҚАУЛЫ ТАЛАПТАРЫ МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, қаламыз «қызыл» аймаққа енді. Шаһарда эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында мобильдің топтардың жұмысы қайта жанданды.

Осы ретте аудан аумақтарында кәсіпкерлік нысандарға жарияланған жаңа қаулы талаптары және төтенше жағдай ережелері кеңінен түсіндірілуде.

Әл-Фараби ауданында орналасқан кәсіпкерлік нысандарда кезекті түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі