«ҚАЗАҚСТАН — 2030» СТРАТЕГИЯСЫМЕН БОЛАШАҚҚА!

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін аяққа тұрып, дербес, өзін мойындатқан мемлекетке айналуы үшін қыруар еңбек атқарды. Әлемдегі дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйене отырып, өзінің сарабдал саясаты мен сұңғылалығының арқасында әлем мойындаған мемлекетке айналдық.

2012 жылы біздің еліміз «Қазақстан — 2030» Стратегиясында белгіленген барлық міндеттерді мерзімінен бұрын орындады. Қазақстан Республикасы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірді және орташа даму деңгейі бар елдер тобына кірді. Сонымен қатар, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруге бағытталған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабылданды. 2017 жылдың басынан бастап Қазақстанда ІІІ жаңғырту жүзеге асырылды. Осы мақсатта конституциялық реформа жүргізілді, экономикалық өзгерістердің келесі кезеңіне басымдықтар анықталды, ал «Рухани Жаңғыру» қоғамдық санасын жаңғырту бағдарламасы қабылданды. Елбасының «басты қағидасы — «революция емес, эволюция» принципі және екінші принцип — «алдымен — экономика, содан кейін — саясат» толыққанды өз керемет тиімділігін мен пайдасын көрсетті.