ҚАЗАҚСТАН — ЕУРОПА: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЛАҢЫ
Еуропа одағы – ең ірі интеграциялық бірлестік – Қазақстанның ең басты сауда және инвестициялық әріптесі болып қала берді. 2010-шы жылдардың бас кезінде Еуроодақ елдерінен келген инвестиция мөлшері 80 миллиард долларды құрады, ал өзара тауар айналымы 53 миллиард долларға жетті.
2012 жылы ЕО мен Орталық Азияның Әріптестік стратегиясының әрекет ету мерзімі аяқталды. Қазақстан 2011 жылдан бастап-ақ жаңа шарттар бойынша келіссөздер жүргізе бастады, өзара іс-қимылдың барлық салаларын қамтитын көлемді құжатқа қол жеткізуге тырысты. Индустриаландыру мен әртараптандыру бағдарламасын нысанға ала отырып, инновациялық әріптестікке, озық тәжірибені ортаға салу мен технологияға (соның ішінде
«жасыл» экономикаға) ерекше мән берілді.
2012–2015 жылдары Астана мен Брюссель қалалары жаңа келісімді даярлауда орасан зор жұмыс атқарды, ал 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық
келісіміне қол қойылды. Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында бірінші болып Еуропалық одақпен екінші ұрпақтың келісімін жасасты, сөйтіп, маңызды сауда және инвестициялық әріптеспен қарым-қатынастың
жаңа кезеңіне өтті.
2012 жылы қарашада және 2013 жылы сәуір айында Қазақстанға ЕОның Жоғарғы өкілі К. Эштон келді, ал 2013 жылдың шілдесінде Еуропалық комиссияның төрағасы Ж. Баррозу алғаш рет ат басын бұрды. Қазақстан
энергетика жөніндегі диалогын жүйелі дамытты. ОПЕК-тің құрамына кірмейтін елдердің ішіндегі үшінші қуат тасымалдаушы ретінде, Қазақстан – Еуропаның энергия теңгеріміне айтарлықтай үлес қосты.
2010-шы жылдары Қазақстанның еуропалық елдермен екіжақты қарым-қатынасы тереңдей түсті. Франция, Испания, Италия және Германиямен стратегиялық әріптестік туралы келісімдер жемісті түрде жүзеге
асты. 2013 жылдың 30 маусымы – 1 шілдесі аралығында екіжақты қарым-қатынас тарихында Ұлыбританияның премьер-министрі Д. Кэмерон Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді. Кездесу қорытындысы –
екі елдің Стратегиялық әріптестік жөніндегі бірлескен мәлімдемеге қол қоюымен аяқталды. Ұлыбритания Қазақстанды сауда мен инвестицияға қолайлы басым елдердің тобына қосты.
2015 жылдың қараша айында мен Ұлыбританияға ресми сапармен бардым. Премьер-министр Д. Кэмеронмен болған келіссөздер қорытындысы бойынша – газ, энергетика, мұнай-химия және фармацептика салаларын
дамытуға бағытталған 5 миллард доллардың келісімшарты жасалды. Ресми сапар барысында, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Патшайымы – ІІ Елизаветамен кездесуі ерекше маңызды оқиға болды. Ол – екі ел арасындағы д
Француз Республикасының президенті Қазақстан Республикасына 2014 жылы желтоқсан айында келді. Сауда-экономикалық, инвестициялық, мұнай-газ, космос саласының, темір жол машиналары құрылысының жобалары талқыланды. Франция президенті Қазақстанның барлық көршілерімен тең дәрежеде келіссөздер жүргізуге мүмкіндік беретін және ірі саяси оқиғаларға ықпал ететін саяси және дипломатиялық рөлінің маңыздылығын атап өтті. Шағын құрамдағы кездесу кезінде ол өзінің нақты ойларын жеткізді:
«Біз Ресей мен Еуропа елдерінің қарым-қатынасында алаңдаушылық байқалып отырған тұста кездесіп отырмыз. Мәселенің шешімін табуына ынталымын және бұл тұрғыда Қазақстан ерекше рөл атқарады». Ф.Олландпен
Н.Назарбаев екеуі Алматыдағы «Сорбонна-Қазақстан» институтының ашылу салтанатына қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің негізінде құрылған институт Париж «Сорбоннасының» әлемдегі екінші филиалы болып табылады.
2013–2014 жылдары Франция мен Қазақстан Мәдениет күндерімен алмасты.
2015 жылы қараша айында Францияға Н.Назарбаев ресми сапармен барды. Франция біздің маңызды серіктесіміздің бірі және екі ел арасында өзара толық түсіністік орнаған. Күн тәртібінде – жиырмадан астам жобаларды жүзеге асыру және ондаған жобалар – болашақтың еншісінде екені нақтыланды. Ұлыбритания сияқты, Францияның да Қазақстанда жүзеге асырылатын индустриалы-инновациялық жобаларға атсалысуы еліміз үшін аса маңызды.
Еуропалық елдер тұрғысындағы Қазақстанның ұстанған саясаты – Еуропа елдерімен бұрыннан қалыптасқан өзара тиімді әріптестік қарым-қатынастарды қолдау мен дамытуға бағытталған еді.