ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫ ҮШ ҚОЛАМЕН ТОЛЫҚТЫ

Токиода өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында Сәкен Бибосынов бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Отандасымыз жартылай финалда британиялық Галал Яфаймен кездесіп, 3:2 есебімен есе жіберді.

Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші жүлде, бесінші қола медаль түсті.

Нұрислам Санаев еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Нұрислам Болгария балуаны Георгий Валентинов Вангеловты 5:1 есебімен тізе бүктірді. Қоржынымыз 6-шы қоламен осылайша толықты.

Каратэші Дархан Асаділов те қола жүлдегер атанды. 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған жерлесіміз өз шеберлігін паш етіп, елімізді жарқын жеңісімен қуантты.

Дархан А тобында Түркия, Әзірбайжан, Жапония және Египет құрамасының өкілдерін жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда франциялық Стивен да Костамен кездесіп, ұпай санымен есе жіберді.

Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген еді. Дархан – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол ел қоржынына жетінші қола медальді салды.